Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 12:24 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент құттықтауында Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылар беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті.

Қазақстан құрамасы жарыста әлемдегі ең мықты командалардың бірі саналатын Қытай құрамасынан ғана ұтылып, күміс медаль иеленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шахмат шеберлерінің бұған дейінгі олимпиададағы жетістігін қайталап, екінші орын алғанына назар аударды.

Мемлекет басшысы бұл нәтиже спортшылардың жоғары деңгейін, талантын, еңбекқорлығын және отаншылдығын көрсететінін айтты.

Президент шахматшы қыздарға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: