Алтынбек Ахметов Астана қаласы Сәулет басқармасының басшысы болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
Алтынбек Ахметов Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұған дейін аталмыш басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған, делінген қала әкімдігінің сайтында.

Алтынбек Жанатұлы - Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін "Қалалық кадастр" мамандығы,  Торайғыров университетін "Сәулет" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Астанагорархитектура" ЖШС топогеодезия бөлімінің техник-геодезисті қызметінен бастады, Астана қаласы / 2005 ж;

2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Астана  қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды