1200 әуесқой желаяқ бас қосып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланған игілікті істің ұраны – "Күшіміз бірлікте!" болды.
Барлық түскен сома мектептер мен балабақшаларда инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу үшін "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының "Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қорына аударылады.
Сурет: Samruk-Kazyna Trust
"Біз әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары ретінде инклюзия, денсаулық сақтау, спорт және білім беру сияқты ең өзекті әлеуметтік трендтерді назарда ұстап отырмыз. Сонымен қатар, Қазақстандағы 250 мыңнан астам қызметкері бар ірі жұмыс беруші ретінде салауатты өмір салтын қолдаймыз. Осы орайда, барша марафон қатысушыларына осындай қадам арқылы ерекше балаларға қамқорлық көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Ересектер 5-10 шақырым қашықтықта жүгірсе, балалар мен жасөспірімдерге 400 және 1000 метрлік қашықтықтар арналды.
Сурет: Samruk-Kazyna Trust
Шараға бір ай бойы дайындалып, алдын ала қатысу жарнасын жіберіп, белсене аталысқан ересектер мен балаларға ұйымдастырушылар тарапы қолайлы жағдай қарастырды.
Марафон қатысушылары мен еріктілері болса, Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында шарадан соң саябақ аумағын қоқыстан тазартты.
Сурет: Samruk-Kazyna Trust
Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" қоры арқылы 2024 жылдың бес айында инклюзия, денсаулық сақтау, білім, спорт пен мәдениет салалары бойынша 18 қайырымдылық жоба іске қосылды. Ал өткен жылы 46 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, жарты миллионнан астам азаматқа көмек берілді.