Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады

Сурет: Telegram/modgovkz
ҚР Қорғаныс министрлігі бүгін, 2024 жылғы 28 маусымда алда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне байланысты Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми хабарлама құзырлы ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астана қаласында елорданың әуе кеңістігін күзету күшейтілетін болады.Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі.Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз".ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 27 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитіне дайындыққа байланысты Астананың айналасына блок бекеттер орнатылды. Бұл ретте, ІІМ атап өткендей, азаматтардың қозғалысына ешқандай шектеулер қойылмайды әрі қала жабылмайды. Бірақ кейінірек ҚР Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарына 28 маусымда қаланың кейбір жолдары жабылатынын ескертті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды