Жалған зәйтүн майын қалай ажыратуға болады – мамандар контрафактілік өнімдер жайында айтты

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі зәйтүн майын қалай дұрыс таңдау керектігін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өкілі тұтынушылардың тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасы жайлы, сонымен қатар Астана қаласында сатылатын тауарлардың сатушылары (өндірушілері) жайында ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету мақсатындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, Биятан Жанна жасырын сатып алушы әдісімен Астана қаласындағы "Сарыарқа" базарынан "Via Barletta" (Италия) компаниясы шығарған "IL COOCO" маркалы зәйтүн майы, сондай-ақ Ресейде өндірілген "Озарные ягоды" мармелады, "Моцарелла" ірімшік таяқшалары, сусыз сиыр еті мен тауық сорпасын сатып алды.


Сурет: Жанна Биятан

Сатып алынған өнім ҚР ДСМ Мемлекеттік сараптама комитетінің Астана қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМҚ филиалының аккредиттелген зертханасына техникалық регламентке сәйкестігіне кешенді зерттеулер жүргізу үшін ұсынылды.

2024 жылдың 3 шілдесіндегі РО-24-52659-663/№791 азық-түлік өнімдерінің үлгілеріне сараптама жүргізу хаттамасына сәйкес, зәйтүн майында төмендегідей бұзушылықтар анықталды:

Сурет: Жанна Биятан

Ресейден әкелінген басқа үлгілер:

Сурет: Жанна Биятан

Осы ережеге сәйкес, оралған тамақ өнімдерінің таңбаламасында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат болуы тиіс.

Сурет: Жанна Биятан

Сурет: Жанна Биятан

"Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңында шетелде өндірілген тауарларға арналған арнайы мәліметтері, таңбаламалары, нұсқаулықтары бар өнімнің заттаңбалары (жапсырмалары) импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебінен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен қамтамасыз етілетіні белгіленген.

Ал сатушы өз кезегінде Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес тауар туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беруге міндетті.

Аталмыш фактілер бойынша материалдар тиісті органдарға шара қолдану үшін жолданды. Егер бұл фактілер расталса, аталған өнімді айналымға шығарған сатушы айыппұл төлейді.


Сонымен қатар, техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес, аталмыш өнім Қазақстан Республикасы аумағында таратылып, сатылуға тыйым салынады.

Жалпы, Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау туралы" заңы 41-бабының 8 және 14-тармақтарын басшылыққа ала отырып , "МОТҚҚҚ" ҚБ Астанада сатылатын азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың 20-дан астам түріне зерттеу жүргізді.

Тұтынушылар назарына!

Әрбір тұтынушы Еуразиялық экономикалық комиссиясының "Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімі" сайтына, сол сияқты сәйкестікті растау бойынша құжаттар тізілімдерінің қазақстандық сайтына да кіріп, сәйкестік туралы декларацияның бар-жоғын біліп, сондай-ақ құжаттардың нақтылығын тексере алады.

"Әр өнімнің сәйкестік декларациясы түріндегі өзіндік куәлігі болуы керек. Бұл жай ғана "шатпақ құжат" емес, бұл – Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсандағы № 880 шешіміне сәйкес тауардың сынақтың барлық сатыларынан өткенін дәлелдейтін құжат", – атап өтті заңгер Жанна Үрметханқызы.

Тұтынушыларға арналған жадынама

Сәйкестік туралы декларация төмендегідей ақпараттарды қамтуы керек:

1) өтініш берушінің аты-жөні және орналасқан жері;

2) өндірушінің атауы және орналасқан жері;

3) осы объектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін сәйкестікті бағалау объектісі туралы мәліметтер;

4) талапқа сәйкестігі расталған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағының техникалық регламентінің атауы;

5) өтiнiш берушiнiң тамақ өнiмдерiн мақсатына сәйкес пайдаланғандағы оның қауiпсiздiгi туралы және өтiнiш берушiнiң тамақ өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiне арналған Кеден одағының техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауы туралы мәлiмдеме;

6) Жүргізілген зерттеулер (сынақтар) мен анықтаулар, сондай-ақ, тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін растауға негіз болған құжаттар.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас фактілерге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739. Instagram парақшасы.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: