Таңбалама қауіпсіздік кепілі: тұтынушының таңдауы олардың денсаулығы мен құқықтарына қалай әсер етеді

2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ұжымы Қазақстан бойынша, соның ішінде Қызылорда қаласында халық тұтынатын тауарларды сатып алуды жүзеге асырды.

Азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлар сынақтан өтіп, нәтижесінде тұтынушылар үшін де, кәсіпкерлер үшін де пайдалы, құнды тұжырымдамалар жасалды.

Таңбалама неліктен маңызды?

Дүкен сөресінде ерекше нәрсе пайда болғандағы тұтынушының сезімді белгілі, мейлі ол жаңа өнім болсын немесе бұрыннан танымал өнімге қатысты болсын. Бірақ, егер қаптамасында қазақ тілінде ақпарат немесе негізгі мәліметтер болмаса, тұтынушыға өнімнің қауіпсіз екенін түсіну қиындық туғызады. Сонымен қатар, өнімді онлайн режімде тексеру әркез мүмкін бола бермейді, өйткені тұрақты интернет барлық жерде, әсіресе, шалғай аудандарда қолжетімді емес. Нәтижесінде маңызды мәліметтер – құрамы, өндірушісі, сақтау шарттары қолжетімсіз болып қалады.

Мәселен, Қызылорда қаласында жүргізілген тексерулер барысында "Пивчики" шұжықтары, "Нежные" шұжықшаы, шикілей ысталған доңыз беконы мен "Биг мальчик" соя етін құпия сатып алу әдісімен сатып алған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханасында жүргізілген кешенді зерттеулер барлық өнімдердің микробиологиялық көрсеткіштер тұрғысынан қауіпсіз екенін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетінін және құрамында зиянды металдар мен басқа да құрамдас бөліктердің жоқтығын, бірақ шұжықтар мен шұжықшаларда мемлекеттік тілде ақпарат болмағанын, шұжықшаларда ЕАС белгісінің жоқтығын анықтады.

Сурет: Жанна Биятан

Қаптамадағы таңбалама тұтынушыға өнімнің неден тұратынын, оны кім жасайтынын және оны қалай дұрыс пайдалану мен сақтау керектігін түсінуге көмектесетін негізгі ақпаратты қамтиды. "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңы қаптамадағы ақпараттың қазақ және орыс тілдерінде берілуін талап етеді. Бұл ақпараттың болмауы сатып алушының денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін қауіпсіздік, құрамы мен сақтау шарттары мәселелеріне қатысты сұрақтарды жауапсыз қалдырады, сонымен қатар ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген болып саналады.

Сурет: Жанна Биятан

Көбінесе импорттық тауарлардың қаптамасында аударылған ақпарат болмайды, ал сатып алушылар әрқашан өнім сертификаттары мен декларацияларын таба алмайды немесе тексере алмайды. Нәтижесінде, тұтынушы өнімнің қауіпсіз екенін және оның қайдан шыққанын біле алмай, ​​әуреге түседі. Бұл, әсіресе, интернетке қолжетімділік шектеулі шалғай елдімекендерге қатысты.

Тұтынушыларға кеңес: не нәрсеге назар аудару керек

  1. Қаптамадағы ақпаратты оқыңыз: Бұл негізгі ереже, өйткені онда өнім туралы маңызды мәліметтер бар. ЕАС белгісіболмаса немесе қазақ және орыс тілінде ақпарат берілмесе, бұл сақтануға негіз болады.
  2. Құрамы мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз: Әсіресе, сіздің аллергияңыз немесе басқа да денсаулық жағдайыңыз болса, өнімнің сізге сәйкес келетініне көз жеткізу маңызды,
  3. Интернет әрқашан көмекші бола бермейді: QR кодтары мен интернет-ресурстары барлық мәліметтерді беруге уәде еткенімен, оларды тексеру әрқашан мүмкін бола бермейді: Қазақстанның кейбір аймақтарында тұрақсыз интернет жағдайында онлайн тексеру мүмкін емес. Бұл таңбаламаның маңыздылығын тағы бір дәлелдей түседі.

Сурет: Жанна Биятан

Барлық заңды талаптарға мән беретін бизнес тек заңдық кепілдіктер ғана емес, тұтынушылардың сеніміне де ие болады. Импорттаушылар үшін бұл мәселе де өте маңызды. Таңбалама ережелерін сақтау Қазақстан нарығында сіздің мүдделеріңізді қорғауға бағытталған қадамға айналады және тексеруші органдардың санкцияларын болдырмауға көмектеседі.

"Таңбаламаға мұқият қарау – тұтынушыға деген құрмет. Тұтынушы саналы таңдау жасай білуі керек, ал бизнес дұрыс таңбалама беделді арттырып, тәуекелді азайтатынын түсінуі қажет".Адам құқықтары жөніндегі сарапшы Алия Алибекова

Сурет: Жанна Биятан

Қоғамдық ұйымдардың міндеті – тұтынушыларды өз құқықтары туралы көбірек білу. Жапсырмадағы ақпаратты түсіну – әрбір сатып алушының өзін және жақындарын жағымсыз жағдайлардан қорғау мүмкіндігі болып табылады. Қаптамадағы өнім туралы ақпарат аударылмаса, ал тексеру үшін интернетке кіру қиындық тудырғанда, бұл таңдау мен қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін екенін тұтынушы білуі маңызды.

Таңбалама мен оның сапасына бұлай көңіл бөлу – Қазақстанда тұтыну мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан тұтынушылардың құқықтарын қолдау және қорғау нарықтың барлық қатысушылары арасындағы сенім деңгейін арттырады және сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қауіпсіз ортаны құруға көмектеседі.

Бұл материалды дайындаған "MOТҚҚҚ" ҚБ сатып алуды саналы және сенімді түрде жүзеге асыру үшін таңбаламаны оқудың классикалық әдістерін ұмытпай, қолда бар ресурстарды пайдалануды жалғастыруды ұсынады, өйткені салауатты тұтыну мәдениеті – әрбір адамның болашақтағы қауіпсіз және сапалы нарыққа қосқан үлесі.

Егер сіз осындай бұзушылықтары бар өнімді сатып алсаңыз, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: