Форумның Telegram-дағы арнасында Роза Отунбаеваның видеосы жарияланды.
"Мен - Роза Отунбаева, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстандағы арнайы өкілі және UNAMA басшысымын. Астанада өтетін маңызды форумда Орталық Азияның Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің қилысы ретіндегі айырықша рөлі туралы айтамын. Мен тұтас аймақтың ажырамас бөлігі ретінде Ауғанстаннан келетін қиындықтар мен мүмкіндіктердің бүкіл аймақтың әлеуетін іске асыруға тікелей әсер ететініне назар аударамын. Сонымен қатар халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Орталық Азия елдерінің Ауғанстандағы жағдайды шешуде және елдің алдағы онжылдықта алдына қойып отырған барлық сын-тегеуріндерді шешуде қалай шешуші рөл атқара алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып беремін", - дейді ол.
Айта кетсек, Роза Отунбаева - Қырғыз Республикасындағы беделді саясаткерлердің бірі, ол 2010 жылы уақытша үкіметті басқарған, тіпті аумалы-төкпелі уақытта уақытша президент міндетін де атқарған.