Олимпиадаларда топ жарған оқушыларға ақшалай сыйақы берілмек

Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті мәжілісінің қарауына олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және оларды даярлаған педагог-жаттықтырушыларға біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді көздейтін заң жобасы енгізілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дарынды балаларды қолдау үшін шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл міндетті іске асыру үшін Министрлік заңнамаға түзетулер әзірледі. Қазір заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Оның мәлімдеуінше, заң жобасына енгізілген түзетулер халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай, яғни конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беруді, сондай-ақ осы олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог-жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді көздейді.

Оқушыларды ынталандыру үшін алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр.

2022 жылы 1 АЕК 3063 теңге болатынын ескерсек, онда халықаралық олимпиада жеңімпазы атанған оқушылар 1 531 500 теңгеден 4 594 500 теңгеге дейін сыйақы алуы мүмкін.

Сондай-ақ министр биыл шәкірттер әлемдік олимпиадаларда 31 медальдің 26-сын жеңіп, соңғы жылдардағы рекордты жаңартқанын да тілге тиек етті.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек