​Қазақстандағы 34 университет Еуропа мен Орта Азиядағы үздік ЖОО тізіміне енді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның бірден 34 университеті британдық QS EECA агенттігінің нұсқасы бойынша үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейтинг Еуропа мен Орта Азия елдерінің үздік жоғары оқу орындары туралы ақпаратты қамтиды. ТОП-100 құрамына 7 отандық университет енді.

Көшбасшы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды.

Өткен жылмен салыстырғанда университет 3 позицияға жоғарылап, рейтингте Стамбул техникалық университеті (Түркия), Вильнюс университеті (Литва) және басқа да шетелдік университеттерді басып озып, 16-орынға ие болды.

ҚазҰУ-дан кейін рейтингте Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көш бастап тұр. Ол халықаралық рейтингтте 42-ші орнынға жайғасты.

Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Satbayev University үшінші орында. Өңірлік жоғары оқу орындары арасында ТОП-100 қатарына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді