Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы Гүлмира Кәрімова оқушылар үшінші тоқсанда әртүрлі форматта оқитынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бүгін мектепте үшінші тоқсан басталды, ол 18 наурызға дейін жалғасады. Оқу әртүрлі форматта болады. Біздің министрліктің ұстанымы – мектеп оқушыларының дәстүрлі форматта оқығаны және сол үшін де бар жағдайды жасайды.ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы Гүлмира Кәрімова

Ал Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқытылады.

Үш қалада, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте үшінші тоқсан қашықтан оқыту форматында басталды. Бірақ бұл мектеп оқушылары үшінші тоқсан бойы онлайн режимде білім алады дегенді білдірмейді. Эпидахуал жақсарған жағдайда санитарлық дәрігерлер офлайн оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы Гүлмира Кәрімова

Ал өзге өңірлерде оқушы саны 600-ден аз болса, оқу процесі дәстүрлі форматта өтеді. Ауыл мектептері де оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз