Асхат Аймағамбетов Алматыға жұмыс сапарымен келді

Сурет: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі
Білім және ғылым министрі Алматыдағы оқу орындарын аралап, педагогтермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Министр Алматыдағы барлық білім беру ұйымы тұрақты және штаттық режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылға дейін 1000 мектептің құрылысы аясында салынған жаңа мектепке барды. Асхат Аймағамбетов әріптестерімен де кездесіп, оқу процесін жақсарту идеясын талқылады.

Алматының сапалы педагогикалық құрамы қуантты. Атап айтсам, химия пәнінің мұғалімі Тален Салтанатпен, биология пәні мұғалімі Балыбекова Рабиғамен, физика пәнінің мұғалімі Ниязбекова Ақмаралмен таныстым. Әріптестермен осы пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын талқыладық. Мектеп басшыларының ұсынысын тыңдап, қызықтырған сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Біз Алматы мектептері жобасын іске асыру барысын біраз талдап көрдік. Әріптестер қойылған барлық міндетті тиімді іске асырудың маңызын түсінетініне және қолдайтынына көзім жетті.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Министр Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетіне барып, жөндеу жұмысымен танысты. Жаңа жатақхананы аралады. Сонымен қатар бас педагог 315 орынға шақталған №186 бөбекжайы жөнделіп, жаңадан ашылғанын көрді.

Қазақстан
Алматы
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады