Оқушылар карантин жағдайында қалай оқиды - бас дәрігердің жаңа қаулысы

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов карантинге байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Құжатта облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мынадай оқу форматын айқындалсын делінген:

- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта;

- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда – штаттық форматта;

- 600 оқушыдан жоғары – мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта;

Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

Сондай-ақ, 6 мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда желілері (азық-түлік) қосымшадағы мәртебесіне қарамастан жұмыс істей алады.

COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебе  COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.

COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.

«Сары» мәртебесі бар адамдар (немесе жақын байланыста болған адамдар) COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң «көкке» ауыстырылады.

COVID-19-ға ПТР-тестілеу теріс нәтижелері бар адамдарда (байланыс күнінен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) «сары» мәртебесі COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.

Байланыста болған адамдарда COVID-19 белгілері болмаған кезде және ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау бар болған кезде, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарда соңғы 3 ай ішінде «жасыл» мәртебе сақталады.

Алғашқы оң тестілеуді алған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда, «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің алғашқы оң нәтижесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сақталады.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Қазақстан
ВАК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды