Профессор Қанат Байішев өмірден өтті

Сурет: pixabay
81 жастағы профессор Қанат Байішев 2022 жылдың 22 қаңтарында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Қанат Сақтағанұлы өзінің академиялық мансабын Қазақ КСР Ғылым академиясының Ботаника институтында бастады, кейін ҚарМУ проректоры болды. ҚазМУ-да факультет деканы, ҚР Білім министрлігінің ЖОО Бас басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

Тәуелсіздік алған жылдары Қанат Әбішев ҚР Үкіметі аппаратының экология секторын басқарды, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Физикалық-химиялық талдау әдістері орталығының директоры болып жұмыс істеді.

Ол жас биолог-ғалымдардың бірнеше буынын тәрбиеледі, Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі, табиғи ресурстарды сақтау әрі оны сауатты пайдалану саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға елеулі үлес қосты.

Қанат Байішев Қазақстан ғылыма елеулі үлес қосқан керемет ғалым, өзгеге үлгі жақсы адам ретінде жұрттың жадында мәңгі сақталады

Zakon.kz редакциясы белгілі ғалымның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі