Қыста ұзақ демалған балалар көктемгі каникулда оқи ма? Министрлік жауап берді

Қаңтар айының басында елдегі тәртіпсіздікке байланысты мектеп оқушыларының демалысы бір аптаға ұзартылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі "Қысқы каникулдың ұзаруы көктемгі және жазғы демалыстарға әсер ете ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Zakon.kz сайтының сұрауы бойынша қысқы каникулдың мерзімі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ұзартылғанын еске салды.

Қысқы демалысты бір аптаға ұзарту демалыстардың ұзақтығына әсер етпейді. Қысқы каникулдың ұзаруына байланысты жоғалған оқу бағдарламасы төртінші оқу тоқсанында жүзеге асады. Мұғалімдерге оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беріледі.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова

Сондай-ақ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті балаларға арналған жазғы мектептер ұйымдастырылатынын айтты.

Мұғалімдер білім берудегі олқылықтарды толтыру үшін оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыруға дайын. Бізде жазғы мектептердің оң тәжірибесі бар. Биылғы жылы барлық оқу орындарында тегін жазғы мектептер жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда. Жазғы мектептер оқушыларға жеке пәндер бойынша білімдерін толықтыруға көмектеседі.Гүлмира Каримова
Қазақстан Аймағамбетов Асхат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: