Білім министрі: Балабақшаларға талап күшейеді

Сурет: pixabay
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында 2022 жылға арналған кешенді шаралар жоспарының негізгі бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Асхат Аймағамбетов 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету 99%-ға жеткенін хабарлады. Ендігі кезекте министрлік алдында балабақшалардағы бағдарлама мазмұны мен оқыту әдістемесін жақсарту, олардың жалпы сапасын арттыру міндеті тұр.

Білім және ғылым министрі бұл міндеттер орындалуы үшін оны үш бағытқа бөліп қарастырды:

Біріншіден, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделі қабылданды. Министрлік әрі қарай тиісті шаралар қабылдауы керек.

Осыған дейін балабақшаларда мектептегі сияқты 20 минуттық сабақтар жүргізілген болса, енді жаңа модель бойынша педагог оқыту мен тәрбиелеуді баланың психологиялық әрі физиологиялық қажеттілігіне сай ойын және коммуникациялар арқылы арнайы әдістемемен іске асыратын болады. Шетелдік тәжірибенің зерттеулері де осы әдістеменің маңызын көрсетіп отыр.Асхат Аймағамбетов

Екіншіден, балабақшаның сапасын қамтамасыз ету үшін оларға талап күшейеді.

Материалдық, техникалық база, бейнебақылау жүйесі, педагогтердің біліктілігі, санитариялық талаптар, өртке қатысты нормаларға сәйкестігі – бұның бәрі мемлекеттік тапсырысты берудің басты талабы болады. Соның ішінде жекеменшік балабақшалардан балаларға қолайлы жағдай жасау ерекше талап етіледі.Білім және ғылым министрі

Үшіншіден, балабақшадағы орындарды бөлу кезінде бәрі ашық болуы үшін облыстардағы электронды кезектердің бәрі енді Республика бойынша бірыңғай базаға біріктіріледі.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді