Зерттеуді ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Атамекен» ҰКП жүргізді.
Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары үш блокқа біріктірілген 19 критерий бойынша бағаланды: түлектердің мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері. Зерттеу көрсеткендей, жұмыс берушілердің жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттану көрсеткіші едәуір артқан, соңғы жылдары бұл көрсеткіш + 28 пайыз болды.
Жұмысқа орналасқан түлектердің саны өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артқан. Осылайша, 2021 жылы жұмыспен қамту орташа есеппен 77% болды.
Рейтинг-2021 қорытындысы:
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету" бағыты бойынша жетекші орынды С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ЖОО иеленді, ал Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы аутсайдерлер қатарында.
"Заң" саласы бойынша Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті дәстүрлі түрде көш бастап келеді.
"Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы орында тұр. Ал Шымкент қаласындағы А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, "Сырдария" университеті төменгі орында.
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыты бойынша ХАТУ, ал "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚУ алдыңғы орында тұр.
"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" сияқты үш бағыт бойынша Торайғыров университеті көш бастап келеді.
Еліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасындағы жалпы рейтингте Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Торайғыров университеті, Қазақстан-неміс университеті үздік атанды.
Бейінді ЖОО-лар арасында Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті үздік болды.
Сондай-ақ Қазақстан-Британ университеті, Нархоз университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, КИМЭП университеті сияқты жоғары оқу орындары алдыңғы қатарда тұр.
Келесі жоғары оқу орындары әдеттегідей аутсайдерлер қатарында: академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті, Орталық Азия инновациялық университеті, Сырдария университеті, Шымкент университеті.
Рейтинг нәтижелерімен толығырақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР «Атамекен» ҰКП ресми сайттарында танысуға болады.