Назарбаев зияткерлік мектептеріне құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

Сурет: Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі
Назарбаев зияткерлік мектептеріне құжат қабылдау мерзімі 2022 жылғы 26 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022 – 2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау мерзімінің 2022 жылғы 26 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі

Конкурс өткізу мерзіміне өзгеріс енгізілмейді, конкурс 2022 жылғы 14, 15 сәуір күндері өткізіледі.   

Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Үміткерлерге» – «Конкурс жөнінде хабарлама» бөлімінен алуға болады.

Қазақстан
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты