Алматының оқушылары мен студенттері 14 ақпаннан бастап офлайн оқуға көшеді

Сурет: Zakon.kz
Алматының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұған дейін дәстүрлі оқыту форматына оралу туралы ҚР БҒМ мәлімдеме жасаған еді.

Алматының оқушылары мен студенттеріне 14 ақпаннан бастап офлайн оқуға рұқсат етілді. Бұл туралы бас санитарлық дәрігердің міндетін атқарушы қол қойған жаңа қаулыда кеңінен айтылады.

Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдарына штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі.Қаулы, 11.02.2022 ж.

8 ақпанда Білім және ғылым министрлігі коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ВАК қабылдаған шешіммен бөлісті. Комиссия 14 ақпаннан бастап дәстүрлі форматтағы оқуға қайта оралу туралы шешім қабылдады.

Ведомствода ВАК-тың алдыңғы отырысының қорытындысы бойынша 600-ге дейін оқушысы бар мектептер 24 қаңтардан бастап толыққанды офлайн оқытуға көшкенін еске салды.

COVID-19
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы