Атап айтқанда, өзгерістер ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру мерзімдері мен ҰБТ өткізу мерзімдеріне қатысты. Тестілеуге алып кіруге тыйым салынған заттар мен құрылғылардың тізімі кеңейтілді.
Әңгіме ұялы байланыс (ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, смартфондар, рациялар, ноутбуктер, ойнатқыштар, модемдер, смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар, құлаққаптар, сымсыз бейне камералар, GPS навигаторлары, GPS трекерлері, қашықтан басқару құрылғылары), сонымен бірге басқа ақпарат алмасу құрылғылары туралы болып отыр
Тестілеуді бастау үшін үміткер:
тестілеу жүйесіне кіру үшін логин мен парольді енгізеді;
компьютерде орнатылған алдыңғы камералар арқылы адам бетінің көлемді-кеңістіктік формасының авторизациясынан өтеді;
ҰБТ тестілеу интерфейсін ашады;
тестілеуді тапсыру тілін таңдайды. Бұл ретте тестілеу басталғаннан кейін тест тапсыру тілі өзгермейді;
бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, дұрыстығын растайды;
ҰБТ тапсыруды бастайды.
Тестілеу жүйесіне шығу және кіру кезінде компьютерде орнатылған алдыңғы камера адамның бетінің пішінімен ғана рұқсат етеді.
Сонымен қатар ҰБТ өтетін жерде электр қуаты өшіп қалған жағдайда немесе тестілеуде тіркелмеген басқа да форс-мажор жағдайларда тестілеуді тоқтату және өткізу мерзімін өзгерту туралы актімен тестілеу тоқтатыла тұрады (күші жойылады) және басқа күнге ауыстырылады.
Бұл ретте ереже тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасаудың жаңа нысанымен толықтырылды. Тестілеу үдерісін тоқтата тұру және ауыстыру актісін тестілеу әкімшісі мен облыстық мемлекеттік комиссия бірлесіп жасайды.
Тестілеу басталған соң 120 минуттан кейін берілетін үзіліс 15 минуттан 3 минутқа қысқартылды.
Мүгедектігі бар балаларға тестілеуге қосымша 40 минут беріледі.
Еске салайық, тестілеудің әдеттегі ұзақтығы – 240 минут.