Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін алып тастауға қатысты жауап берді

Сурет: pixabay
Қазақстандықтар бұған дейін әлеуметтік желіде «Өзін-өзі тану» пәнін алып тастау туралы өтініш білдірген еді. Білім және ғылым министрлігі бұл пән неліктен жойылмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Zakon.kz сайтының арнайы сауалына Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова қол қойған жауабы келді. Онда «Өзін-өзі тану» пәні 20 жыл бойы адамгершілік пен руханиятты, білім беру жүйесі мен оқу процесінің барлық саласын қамтып кеткені айтылған.

Бүгінде білім берудің барлық деңгейінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары аясында «Өзін-өзі тану» пәні 1-11-сыныптар аралығында инвариантты (міндетті) пән ретінде оқытылады.БҒМ баспасөз қызметі

Ведомство үнемі жаңартылып отыратын мектеп бағдарламасына қатысты сынға да түсініктеме берді.

Білім беру мазмұнын жаңарту «өмір бойына жақсы білім беру» ұғымынан «өмір бойы білім алу» қажет екенін түсінуге – білімнен құзіреттілікке өтуге бағытталған. Осыған байланысты қазіргі тенденцияларды және білім беруді жаңғыртуды ескере отырып, пәндер бойынша оқу бағдарламасын жетілдіру тұрақты жүзеге асып жатыр.БҒМ баспасөз қызметі

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазір студентке оқу жүктемесін азайту, жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуды күшейту, сонымен бірге студенттерді ерте әлеуметтендіру және кәсіптік бағдарлау мақсатында білім беруді жаңғырту ісі жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты