Қазақстан мен Ресей өз университеттерінің филиалын ашады: жоба мақұлданды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен Ресеймен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын ашу және олардың жұмыс істеуі туралы келісімнің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сай мынандай шешімдер қабылданады:

  1. білім беру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық және интеграциялық ынтымақтастықты тереңдету мүддесінде;

  2. Ресей Федерациясының аумағындағы Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарында және Қазақстанның аумағындағы Ресей Федерациясының жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарында білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында;

Қазақстанда және Ресей Федерациясында филиалдары құрылуы мүмкін білім беру ұйымдарының тізбесін, сонымен қатар кәсіптердің, мамандықтардың және оқыту бағыттарының тізбесін Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитет айқындайды.

Университеттің қазақ филиалында студенттер білім туралы құжатты Қазақстан заңнамасына сай, ал Ресейдегі филиалда оқығандар Ресей заңнамасына сай алады.

Филиалдың білім беру қызметін лицензиялау және аккредиттеу мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асады.

Қазақстан Үкіметі үшін келісімге қол қою Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке берілді.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі