Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жақында өзінің Telegram каналын ашқан. Бүгін бас педагог қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтап, білім саласындағы әйелдердің орны туралы айтты.
Министрдің мәліметінше, ғалымдарымыздың жартысынан астамы, яғни 54%-ы –әйелдер.
Докторантурада оқитын студенттердің біразы – әйелдер. Мысалы, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5 %-ы әйелдер болған.
Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы білім беру жүйесі анағұрлым феминизацияланған. Еліміздегі мұғалімдердің 80%-ы әйелдер. ЭЫДҰ сарапшылары көптеген елде әйел мұғалімдердің ер мұғалімдерге қарағанда мамандығын саналы түрде таңдайтынын хабарлады. Мысалы, қазақ ұстаздарының 76%-ы болашақ мамандығын таңдауда мұғалім мамандығына басымдық берілгенін айтқан.Асхат Аймағамбетов
Қыздар да оқу сауаттылығы бойынша (27 ұпайға) және жаратылыстану сауаттылығы бойынша (7 ұпайға) ұлдардан озып, стереотипті бұзды. Жалпы, PISA-2018 екеуінің де білімі бір деңгейде екенін көрсетті.
Тағы бір зерттеудің (TIMSS-2019, IEA) нәтижелері де 4 және 8-сыныптардағы қыздар ұлдарға қарағанда жоғары оң нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті.
Қыздардың басым көпшілігі (68%-дан астамы) келесі бағыттар бойынша жоғары білім алады:
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 79,1%
Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 71%
Педагогикалық ғылымдар – 70%
Жаратылыстану, математика және статистика – 68%
Гендерлік теңдік білім беру бағдарламаларының келесі топтарында байқалды:
1. Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 49,5%
2. Бизнес, менеджмент және құқық – 48%