Бас жүлде – 1,5 млн теңге: Қазақстанда студенттер арасында IT байқау өткелі жатыр

Сурет: zakon.kz
Білім және ғылым министрлігі алғаш рет студенттер мен бағдарламашылар арасында «BILIM Hackathon 2022» IT байқауын өткізеді. Жеңімпаздар 1,5 миллион теңге алады. Екінші орынның жүлде қоры 1 000 000 теңге болса, үшінші орынға 500 000 теңге тігілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі мәлімдегендей, жеңімпаздар, яғни студенттер қаржылай марапаттан бөлек, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, қазылар алқасының құрамына белгілі IT-компаниялардың өкілдері кіреді және үздік қатысушылар жұмысқа шақыру алады.ҚР БҒМ баспаөз қызметі

IT сайыс 26-27 наурызда Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді.

Елімізде түрлі IT жобаларды әзірлейтін дарынды жастар көп. Оларды байқауға қатысуға шақырамыз. Сайысқа университет және колледж студенттері, одан бөлек, басқа да бағдарламашылар қатыса алады. Әр оқу орнынан бір командаға қатысуға рұқсат етіледі. Хакатонға қатысу үшін өтінімдерді monhackathon@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады. Өтінімге команданың атауын, қатысушылардың аты-жөнін және ұйымның атауын көрсету қажет.ҚР Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов
Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек