Оқу орындары жастар, жұмыс берушілер, инвесторлар үшін «тартымды орталық» болуы керек – Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында елімізде білікті кадрларды даярлау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, шетелде білім алған жастардың кетуін азайту үшін жоғары білім беру жүйесін қайта қарауымыз керек.Премьер-министр Әлихан Смайылов

Үкімет басшысының айтуынша, кадрларды даярлау мақсатында мамандар қажет өңірлердің картасын жасау, кәсіпорындардың колледждерге қамқорлық жасауын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Смайыловтың айтуынша, мектептерде ерте кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілуі керек. Колледждер мен университеттер жастар, жұмыс берушілер, инвесторлар үшін «тартымды орталыққа» айналып, дәстүрлі ғана емес, қысқа мерзімді оқу бағдарламасын да ұсынуы керек.

Әлемдік тәжірибе мемлекет, кәсіпорындар және оқу орындары арасындағы жауапкершілік саласын нақты бөлу арқылы кадрларды дайындау сапасы қамтамасыз етілетінін көрсетеді. Сондықтан әкімдіктерге колледждер мен кәсіпорындар арасындағы серіктестіктің тиімді нысандарын енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл әрі қамқорлық, әрі дуальды оқыту.Әлихан Смайылов

Смайылов «Жаңа мамандықтар атласы» бітірген мамандар үшін де өзекті болуы керек екенін айтты. Оны мамандар біліктілігін арттыру үшін пайдалануы керек. Ол болашақ мамандықтардың ұзақ мерзімді болжамын қамтуға және үнемі жетіліп отыруға көмектеседі.

Ең бастысы, колледж бен университет түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек. Кадрларды даярлау қазіргі мамандарға деген сұранысқа да, еңбек нарығының болжамды деректеріне де негізделуі керек. Бұл міндеттердің барлығы 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында ескерілуге тиіс.Әлихан Смайылов

Осыған байланысты ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қысқа мерзімді оқытумен қамтуды арттыру мәселелерін пысықтап, оның тиімділігіне мониторингті қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар Смайылов өңірлердегі кадрларға деген сұранысты болжаудағы жаңа тәсілдер, жаңа кәсіби стандарттарды әзірлеу және қолданыстағыларды жаңарту, біліктілікке тәуелсіз бағалау жүргізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Облыс әкімдіктері техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту шараларын қабылдасын. «Жас Маман» жоба үлгісі бойынша колледждерді жарақтандыруға қаражат бөліп, кәсіпорындармен бірлесіп мамандарды мақсатты даярлауды жолға қойсын.Әлихан Смайылов
Қазақстан Смайылов Әлихан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: