Қазақстанда мемлекеттік дипломның формасы өзгереді

Сурет: gov.kz
ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім туралы құжаттардың (дипломдардың) формасына өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның баға қойылған екі тілдегі қосымшасына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Білім және ғылым министрлігінде түсіндірілгендей, биылғы оқу жылынан бастап ТжКБ (Техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдары цифрлық бес балдық бағалау жүйесінен баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесіне (1 курс) көшті. Оқушылардың оқу жетістіктері халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар, кему реті бойынша «А»-дан «D-ға дейін», «қанағаттанарлықсыз» - «F»).

«Биыл мектеп бітіру ТжКБ (Техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдарында модульдік бағдарламалар және оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүргізілетінін ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізу қажет», - делінген құжатта.

Бұйрық жобасы 4 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тибетте қатты жер сілкінісі болды