Қазақстанда теңізшілердің диплом алу ережесі өзгереді

Сурет: gov.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі теңізшілерді аттестаттау қағидаларына өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, диплом беру кезінде өтініш пен құжаттарды тапсырған күннің алдындағы соңғы бес жылдағы жүзу тәжірибесі ескеріледі.

Түсіндіргендей, бұл жаңалық теңізшілерді аттестациялау кезінде жүзу тәжірибесін есепке алуға қатысты сұрақтар туындайтынына байланысты. Сондықтан оны есепке алудың белгілі бір тәртібін бекіту орынды деп саналады.

Кеме капитанының, кезекші офицердің, кеме капитанының көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде де өзгерістер енгізіледі.

Теңізшілерге диплом алу үшін шетел тіліндегі құжаттардың көшірмесі теңіз порты әкімшілігіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

Мына құжаттар ұсынылады:

Бұйрық жобасы 18 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз