Елімізде бірінші сыныпқа қабылдауға 180 мыңнан аса өтініш түсті

Сурет: pixabay
2022 жылғы 1 сәуірден бастап балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 180 мыңнан астам өтініш түсті.  Өтініштің 160 мыңнан астамы электронды форматта қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Министрлік бүгінде азаматтарға көрсететін барлық қызметті автоматтандыруға баса мән беріп отыр.

ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді. Мұның артықшылығы өте көп. Оның ең бастысы – барлық процестің ашықтығы. Біз барынша ашықтық пен азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істейміз. Балаларды 1-сыныпқа қабылдауға өтініштердің басым көпшілігінің электронды форматта тапсырылуы Білім министрлігінің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында танымал екенін көрсетеді, – деді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Айта кетейік, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. 

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған және egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді