Бірінші сынып оқушысы зорланды: «Мәриям» мектебінен бірқатар бұзушылық анықталды

Сурет: pixabay
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мәриям» жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайларды зерттеу үшін Алматыға келіп, мектепті тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды құруда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар бұзушылық анықталды. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Министрлік өкілдері қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатқанын, оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.

Сондай-ақ олар зорлық көрген оқушының да отбасына барды. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салсақ, қазір қалалық полиция департаменті осы жайтқа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Алматы
Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі