Асхат Аймағамбетов Қазақстан оқушыларын дүниежүзілік гимназиядаға шығарып салды

Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Жарыс 14-22 мамыр аралығында Францияның Нормандияда қаласында өтеді. Білім және ғылым министрі де жас спортшыларға қолдау көрсетіп, жылы лебізін білдіру үшін әуежайға барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысайын деп отырмыз. Сіздер алдағы жарыстарға ұзақ уақыт бойы дайындалдыңыздар және спорттың 18 түрінен Қазақстанның намысын қорғауға аттанып барасыздар. Оқушыларымыздың әлеуеті зор екенін білемін, сол себепті біздің құрама еліміздің намысын лайықты түрде көрсете алатынына сенімдімін. Салауатты өмір салты мен дене шынықтыру мектеп қабырғасынан қалыптасады. Біз қазір мектеп және студенттік спорт лигаларын белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бұл – біз үшін басым бағыттың бірі. Сіздерге жеңіс тілеймін және ұлттық құрамамыздың қоржынына медаль күтеміз, – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларға айтқан сөзінде.

Қазақстан құрамасы сапында 234 оқушы өнер көрсетеді. Олар әлемнің 70 елінен келген құрдастарымен (16-18 жас) күш сынасады.

Оқушылар бадминтон, 3х3 баскетбол, бокс, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, спорттық бағдарлау, жүзу, жағажай волейболы, регби, спорттық гимнастика, садақ ату, таеквондо, семсерлесу, көркем гимнастика сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді