ҰБТ кезінде камера мен құлаққап қолданған түлектің тестілеу нәтижесі жойылды

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында анықталған заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ҰБТ бойынша әр заңсыз әрекет мұқият тексерілетінін атап өтті.

Өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Сонымен қатар жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарымызға түскен тест тапсырушы болды.Руслан Емелбаев

Оның айтуынша, талапкер қаңтардағы тестілеу кезінде 72 балл, ал негізгі ҰБТ бойынша 130 балл жинаған.

Нәтижесі бірден 58 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік. Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғандағы белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен шағын құлаққап қолданған. Руслан Емелбаев

Бұған жол берген қызметкер тестілеуден шеттетілді.

Қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шара қолданылатын болады. Ал тест тапсырушының нәтижелері жойылды. Енді ол екінші мүмкіндігін қолдана алмайды. Жүйені алдауға тырысудың қажеті жоқ. Жауапкершіліктен ешкім құтыла алмайды, –деп түйіндеді сөзін Руслан Емелбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті