Қазақстанда 139 балл алған екі абитуриенттің ҰБТ нәтижесі жойылды

Сурет: Zakon.kz
ҰБТ нәтижелері ережені бұзғандықтан жойылған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Достар, бүгін менде бір жағынан қуанышты, екінші жағынан өкінішті жаңалық бар. ҰБТ-2022 басталғалы бері 139 балл жинаған екі талапкер тіркелді. Сіздер ҰБТ-да өз білімдеріңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев

Оның айтуынша, өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Осыған байланысты тиісті шаралар қолданылып, тестіленушілердің ұпайы жойылды.

Құрметті талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 балл жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл Сіз болуыңыз мүмкін, біз Сізді күтеміз! Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев

Руслан Емелбаев өзіне әлеуметтік желі арқылы жекелей байланысқа шығуға болатынын да айтады.

Сондай-ақ ол өздерінің дәл қазір 100-ден аса ерекше жоғары балл (20+ балдан 90+ балға дейін) жинаған талапкерлердің бейнежазбаларын қосымша тексерістен өткізіп жатқандарын да жеткізді. Ереже бұзушылықтың арқасында қол жеткізілген барлық нәтижелер жойылады!

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті