«Болашақ» бағдарламасына ауыл квотасымен құжат тапсырса, кепілге мүлік қоймайды

Ауыл тұрғындары жеңілдетілген шарттармен «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурстық іріктеуіне қатыса алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ережеге сай кейінгі үш жылда ауылда тұрып жатқан үміткерлер халықаралық квоталық стипендияға өтініш бере алады. Олар да кейінгі екі жылда ауылдық жерде жұмыс істеуі керек.«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі

Сонымен қатар GPA – ауылдық квота бойынша үміткерлердің дипломының орташа балы – 4,00-ден кемінде 2,67 болуы қажет. Сонымен бірге мемлекеттік тілден В1 деңгейінен кем емес көрсеткіші, шет тілі бойынша IELTS 9,0-ден 6,0 кем емес нәтижесі бар сертификаты болуы міндетті.

Үміткерлер бакалавр немесе өзінің мамандығына сәйкес мамандықтарды таңдай алады.

Айта кетейік, ауыл тұрғындары құжат тапсыру кезінде шетелдік жоғары оқу орнына өз бетінше түсуге міндетті емес. Ауыл квотасы стипендиаттары стипендия тағайындалғаннан кейін тіл курстарынан өтіп, бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған ЖОО тізімінен оқу орнын таңдай алады.

Ауыл квотасы арқылы өтініш беруші кепілзат болмаған жағдайда бес кепілгер ұсына алады. Кепілгерлер 50 жасқа толмаған, кейінгі 12 айда тұрақты табысы бар ҚР азаматтары бола алады. Сонымен қатар ауыл квотасы бойынша үміткерлер үшін жұмыстан босату жеңілдіктері қарастырылған. Өңірлерге жұмысқа баратын түлектер үшін жұмыс уақыты қысқартылды. Олар енді бес жыл емес, үш жыл жұмыс істеуі керек.«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин

Еске сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау 14 қазанға дейін жалғасады. Тағылымдамадан өту үшін құжаттар қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Биыл магистратура және резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантура бағдарламасына 60 стипендия бөлінді.

«Болашақ» бағдарламасының шарттары бойынша, мемлекет студенттерге оқу ақысын, ай сайынғы стипендияны, екі жаққа ұшып қайтуды, медициналық сақтандыруды төлейді. Стипендия мөлшері белгілі бір елдегі қалаға және өмір сүру деңгейіне қарай өзгереді. Мысалы, Нью-Йорк пен Лондонда ай сайынғы стипендия 2 мың АҚШ долларынан асады.

Қазақстан Болашақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: