Елімізде оқушылардың каникулы қысқартылуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2022 – 2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 – 2023 оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 36 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда:

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында).

Бұған қоса жазғы каникул күндерінің санын қысқарту ұсынылды.

Министрлік қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, «күрделі» тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту өткен оқу жылында білімнің бір бөлігін жоғалту тәуекелін, құқық бұзушылықтарды қысқартады, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеуі мен сырқаттанушылығын төмендеті, делінген құжатта.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары бойынша 1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда 34 оқу аптасы болған еді.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында 2 тамызға дейін талқылау үшін жарияланды.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз