Ғылым министрі Димаш Құдайбергенмен кездесті

Сурет: Instagram/gylym_jogarybilim
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат министрліктің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Димаш Құдайбергенмен кездесу барысында мәдениет саласындағы шығармашылық индустрия және менеджмент саласы үшін қажетті кадрлар даярлау мәселелерін талқылады. Димаш студенттік шығармашылықты дамыту және студент жастардың қатысуымен болатын жобалары туралы өз ойымен бөлісті. Танымал әнші ғылым мен білімді жастар арасында кеңінен насихаттау ісіне бар күш-жігері мен мүмкіндігін беруге дайын екендігін баса айтты, делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда Димаш Құдайберген «Stranger» атты алғашқы жеке концертін береді. Ол Қазақстандағы ең ірі спорт нысандарының бірі – Алматының Орталық стадионында өтеді. Отандық БАҚ-тарда концертке әлемнің 36 елінен Димаштың жанкүйерлері келетіні туралы ақпарат жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі