Мәдениет және спорт министрлігі мамандар даярлауға бөлінетін гранттар санын анықтады

Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігі 2022-2023 оқу жылына арналған мәдениет, спорт және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары, техникалық және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға білім беру мемлекеттік тапсырысын бөлу туралы бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақ ұлттық өнер университеті үшін 275 мемлекеттік грант бөлінді, оның 204-і қазақ тілінде.

Оның ішінде даярлыққа:

Мүгедектігі бар адамдар үшін оқуға үш квота, ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 12, жетім балалар үшін - 3, көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – 15, толық емес отбасылардан шыққан балалар үшін – 3 квота көзделген. Барлығы 40 қосымша квота бөлінді.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында мемлекеттік грант бойынша – 260, квота бойынша - 40 қазақстандық білім алу құқығына ие бола алады.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 219 грант және 31 квота, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті дене шынықтыру мұғалімдерін даярлауға 87 грант және 13 квота бөлінді.

Сондай-ақ, құжат магистратура мен докторантурада оқуға гранттар бөлуді қарастырады.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтына 15 тамызға дейін талқылау үшін орналастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы