Қазақстанда қандай шетелдік жоғары оқу орындарының филиалы ашылады

Сурет: freepik
Қазақстанға әлемдік білім стандартын енгізу үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен 2021 жылы De Montfort Leicester университетінің филиалы ашылды. Петропавлда University of Arizona, Аризона университетінің филиалы ашылып жатыр. Университетпен ынтымақтастық аясында қос дипломдық білім беру бағдарламасы іске қосылады.

Президенттің тапсырмасымен ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары да ашылып жатыр. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Ұлттық зерттеу ядролық университетінің «MEPhI» филиалы ашылды.

2023 жылы Нұр-Сұлтанда Мичиган мемлекеттік университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін министр Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсетінін айтқан еді. Осылайша 2025 жылға қарай бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы екі есеге, ал магистранттар мен докторанттар үшін 1,5 есеге өседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды