Ата-аналар министрлікке жеке балабақшалардың жұмысына қатысты талап қойды

Сурет: Алматы әкімдігі
Оқу-ағарту министрлігіне ата-аналардан тәрбиешілердің балаларға қол жұмсауына, денсаулығына зиян келтіруге, балаларға сапасыз жағдай жасалғанына және кей жеке балабақшалардың жосықсыз жұмысына қатысты шағымдар әлі түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ата-аналар балабақшалардың қызметін ешкім реттемейтінін айтып, шара қолдануды талап етіп жатыр. Ал оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық басқармаларға балабақшадағы бүлдіршіндердің түрлі жарақаты туралы ақпарат күн сайын түседі екен. Мысалы:

Министрлік бүгінде мұндай мәселені шешу үшін лицензия беруді енгізуді қолға алып отыр. Бұл тәсіл балалардың балабақшадағы қауіпсіздігін жақсартады дейді министрлік өкілдері.

Құқық бұзушылықтардың санын азайту және балабақшалардың жұмысын ретке келтіру үшін біз лицензия беруді енгізуді қолға алып отырмыз. Бұл балалардың балабақшадағы қауіпсіздігін жақсартады. Егер балабақша талапқа сай болса, онда қысқа уақытта цифрлы лицензия алады. Ал егер сай болмаса, кемшіліктерді жоюға уақыт беріледі. Лицензия беру талабы қарапайым. Одан қорқудың қажеті жоқ. Жұмыс істеп тұрған балабақшалардың басым бөлігі лицензияны оңай ала алады. Біз балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз етуге мүдделіміз, – деді Оқу-ағарту министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты