Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары енді элиталық мектептерде оқи алады

Сурет: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта дарынды балалар оқып, элиталық білім алатын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдауға қатысты өзгерістер қамтылған.

Атап айтар болсақ, мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға түсуге баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында жүргізіледі, қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Бұрын бұл мерзім күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін болатын.

Сондай-ақ енді байқауға халықтың әлеуметтік осал санатына жататын отбасы балалары қатыса алады.

Құжаттарды электрондық форматта ұсынуға болады. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда сканерленген құжаттар электрондық мекенжайға жіберіледі немесе қағаз нұсқасында мамандандырылған білім беру ұйымның кеңсесіне ұсынылады.

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек