Желіде орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылатыны туралы жалған ақпарат тарады

Сурет: Zakon.kz
Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде алты-7жеті жыл ішінде қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылатыны туралы ақпарат таратылып жатыр. Алайда бұл ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстанда орыс мектептерінің болашағы бар ма?» материалы екі жыл бұрын 31 арнада «Информбюро» эфирінде шыққан. Оған елордадағы №90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлының пікірі ұсынылған БАҚ-тағы ақпарат негіз болған, деп жазды stopfake.kz.

Сюжетте орта білім беру саласындағы үрдістер талқыланды. Сондай-ақ орыс тілді мектептердегі оқушылар санының азаюы сөз болды.

Гимназия директоры қалған оқушылар болашақта бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін деген пікірін білдіріп, ата-аналарды мемлекеттік тілді меңгеру үшін балаларды қазақ мектептеріне беруге шақырды.

Сюжетте Білім сарапшыларының қазақ лигасының вице-президенті Наталья Дрейттің де пікірі ұсынылды. Ол орыс және қазақ мектептері толы және мәселе мұғалімдердің жетіспеушілігінде, ал бұл жағдайды педагогтердің мәртебесі туралы заң өзгертуі тиіс деп мәлімдеді. Бүгінде бұл материал пабликтерде әдейі бұрмаланып жарияланып жатыр, – деп түсіндірді телеарна өкілдері.

Орыс тілінде оқытатын сыныптарды жабу туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын ҚР Оқу-ағарту министрлігі де растады.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақ сыныптарында да, орыс тілінде оқытатын сыныптарда да орыс тілі бұрынғыдай оқытылады, басқа жоспар жоқ.Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова
Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді