300 мыңнан астам оқушы мектеп формасы мен құрал-жабдық сатып алу үшін көмек алды

Сурет: Zakon.kz
«Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында 300 мыңнан астам оқушы қаржы алды. Қаржылай көмек 475 мың балаға көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрі білім басқармаларының басшыларымен кездесуде төлемдерді 23 тамызға (қоса алғанда) дейін аяқтау туралы тапсырма берді.

Биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі қаржылай көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді. Егер бұрын өңірлерде бөлінген сома 17 мыңнан 40 мыңға дейін болса, биыл бұл сома ұлғайтылып, кемінде 37 389 теңгеге жетті.

Көмек беру тетігіне де өзгерістер енгізілді. Енді ата-аналарға қаржы балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киімін, кеңсе тауарларын және тағы басқа өз бетінше таңдай алуы үшін банктегі шотына аударылады. Бұған дейін мұның барлығын әкімдіктер сатып алатын және тауардың өлшеміне, сапасына, тағы басқа қатысты мәселелер туындайтын.

Енді ата-аналар өзінің банктегі шотына ақшаны тікелей алып, балаларына мектеп формасын, кеңсе тауарларын және аяқкиімін өз бетінше таңдай алады. Бұған дейін сатып алумен әкімдіктердің қызметкерлері айналысатын. Кейде киімнің өлшеміне, сапасына қатысты проблемалар туындайтын. Қазір әкімдіктер қаражат аударуды аяқтап жатыр. 37 389 теңге – ең төменгі сома. Жергілікті атқарушы органдар көрсетілген көмек көлемін көбейте алады, бірақ оны азайтуға құқығы жоқ. Кейбір әкімдіктер бұл сомадан артық қаржы бөліп жатыр, мысалы, Алматы 43 мың теңгеден. Біз мұны тек құп көреміз, - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

«Жалпыға міндетті білім беру» қорынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сонымен қатар АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушыларға көмек көрсетіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді