30 жылдық педагогикалық өтілі бар ұстаздар біліктілік тестілеуінен босатылады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық өтілі 30 жыл және жаңа аттестация жүйесі бойынша санаты бар педагогтерді біліктілік тестілеуінен босатылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар аттестацияның екінші кезеңінен ғана өтеді, яғни портфолио тапсырады. Бұл ретте егер олар біліктілік санатын көтергісі келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді. Мысалы, 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог-сарапшы өз санатын растаса, аттестациядан тек екінші кезеңнен ҰБТ-сыз өтеді, ал арттырғысы келсе қосымша ҰБТ тапсырады.ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов

Сондай-ақ педагогикалық өтілі 30 жыл, бірақ ескі аттестаттау жүйесі бойынша жоғары, бірінші санатты педагогтер, "педагог-модератор" санатына ауысатын болса, онда олар біліктілік тестілеуден өтуден босатылады.

Бұл жағдайда олар аттестацияның екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады. Ал егер бұл педагогтер аттестацияның жаңа жүйесі бойынша басқа санаттарды алғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов

Министрдің сөзінше, зейнетке шығуына 4 жыл қалған мұғалімдер де жаңа жүйе бойынша бар санатын растаған жағдайда оларды аттестациядан босату ұсынылады.

Ал егер олар қолданыстағы біліктілік санатын, тиісінше алатын үстемақысын арттырғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов
Аймағамбетов Асхат Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: