Павлодар облысында мектеп асханасындағы астан тоғыз бала уланған

Сурет: Zakon.kz
Оқыс оқиға Шарбақты ауданындағы мектептердің бірінде орын алған. Оқушылардың уланғаны туралы ақпарат 9 қыркүйекте пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалар жүрек айну, құсу, іш ауруы және дене қызуының көтерілуі сынды шағымдарға сәйкес аудандық ауруханаға жатқызылды. Бес бала амбулаториялық емделуге жіберілді, төртеуі облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Санэпидемиологтардың айтуынша, балалар мектепте уланған.

Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі аталған оқу орнындағы тамақтану қызметі "Абуев" ЖК-ға жүктелгенін айтады.

Қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты адамдарға қатысты шаралар қабылданатын болады. Павлодар облысының білім басқармасы
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты