Тараз қаласының оқушылар сарайында "Ұстазға мың алғыс!" атты мерекелік шара өтті

Бүгін Тараз қаласының оқушылар сарайында "Ұстазға мың алғыс!" атты қалалық ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара мен марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Осынау ұстаз атты қастерлі ұғым барша адамзат үшін қадірлі. Қоғамның ары мен ақылы саналатын ұстаз – бүкіл халық құрметтейтін тарихи мол, ерекше кәсіп.

Жиынға Тараз қаласының әкімі Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы қатысып, мұғалімдерді ​ мерекелерімен құттықтады.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға жалпы 350 адам шақырылып, мектептен тыс балалар шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері ұстаздарға алғыс айта отырып, өздерінің концерттік шығармашылық өнерлерін көрсетті.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Білім саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен ардагер –педагогтар марапатталды.

Жиын барысында ​ білім саласында ұзақ та нәтижелі еңбек етіп, сапалы білім беріп жүрген, өз қызметтерін аброймен атқарып жүрген 15 мұғалімге Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, Жамбыл облысы әкімдігінің ​ білім басқармасының, Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен ​ марапатталды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы осы орайда​ аймақ ұстаздары 3 халықаралық, 13 республикалық, 33 облыстық конкурстарда және 2500 қашықтық байқауларында ​ жүлделі орындарды иеленгенін айта кеткен жөн.

Қазақстан Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: