Білімді ұрпақ – ел болашағы

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласындағы №41 мектеп-лицейде ҚР президентінің Жолдауы аясында білім саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті.

Amanat партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының сектор меңгерушісі Мұхтар Ақбердиев, мектеп мұғалімдері Жолдауды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, білім саласына жүктелген міндеттер бойынша өзара пікір алмасты.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

М.Ақбердиев президент Жолдауындағы білім саласын ілгерілету, адам капиталын дамытудағы басым бағыттарға жан-жақты тоқталды. Еңбекші ауданында бұл бағытта барлық бастауыш партия ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылуда.

Жолдау аясындағы тапсырмаларды орындау бойынша ауданда бастауыш партия ұйымдары, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп мұғалімдері белсенділік танытып келеді. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер міндет ауқымды. Алдағы уақытта партия мүшелерімен бірлесіп, жұмыстар атқарамыз, – деді М.Ақбердиев.

Мектеп директоры А.Сарымсақова білім саласына қатысты нақты тапсырмаларды бірлесе орындау қажеттігін айтты. Тарих пәнінің мұғалімдері Л.Мырзақұлова, И.Бақтыбаев білімді ұрпақты тәрбиелеу бойынша баяндама жасады.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептердегі бастауыш партия ұйымдары, медициналық мекемелерде кездесулер одан әрі жалғасын табады.

Қазақстан
Шымкент
Президент Жолдауы – 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар