Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы тағайындалды

Сурет: zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Ернұр Нұрланұлы Дәуенов Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ернұр Дәуенов 1988 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін;

  • Қарағанды Қазтұтынуодағы университетін бітірген. 

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2009 жылы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

  • 2011 жылдан 2013 жылға дейін Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім Академиясының ғылыми қызметкері, Астана қаласының "Зерде" дарынды балаларға арналған мектеп директорының орынбасары, "Ертіс дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығының зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.

  • 2013-2014 жылдары – Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы.

  • 2014-2015 жылдары – Шарбақты ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары.

  • 2015-2016 жылдары – Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы.

  • 2016-2017 жылдары – Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары.

  • 2017-2019 жылдары – Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.

  • 2019 жылдан бастап Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасын басқарды.

  • 2020 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

  • Алдында Арман Шаққалиевтың Сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалғаны белгілі болды .

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді