Павлодарда балаларды шымшитын балабақша тәрбиешісі жұмыстан шеттетілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Павлодарда №52 арнайы балабақшаның тәрбиешісі бүлдіршіндерді шымшып, жұлқылап, жарақаттаған. Қазір ол жұмысынан шеттетілді, ал балабақша басшысына сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл - ақыл-есі кем балаларға арналған мекеме. Қазір 81 бала тәрбиеленіп жатыр. Ата-аналарының айтуынша, балалардың денесінде көгерген және тырнақ іздері қалыпты. Осыдан күдіктенген олар бейнебақылау камерасын қараған. Кадрда тәрбиешінің балаларды жұлқылап, кеудесінен итеріп, шымшығаны анық көрінеді. Сол себепті ата-аналар мекеме басшысы мен тәрбиеші жұмыстан кетсін деген талап қойды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мен топқа кірген кезімде тәрбиешінің ұлыма айқайлап жатқанын көрдім. Ал ол мені көрді де арғы бөлмеге кіріп кетті. Бірден директорға жүгірдім. Бірақ, балабақшаның басшысы өз қызметкерін жақтап, олай болуы мүмкін емес. Балаларды ұру түгілі қолынан ұстамаймыз, - дейді. Қазір менің ұлым балабақшаға барғысы келмейді. Ұрсады деп айтады. Ата-ана Кристина Калыгач

Облыстық білім беру басқармасы тәрбиешінің бұл әрекетін растады. Сол үшін оны жұмыстан шеттеткен. Тәрбиешінің ерсі қылығына қатысты полиция әкімшілік іс қозғапты. Ал жұмысына салғырт қараған балабақша меңгерушісіне сөгіс берілді.

Біз осы тәрбиешіні жұмыстан босатып, қазір әкімшілік іс қозғалды. Содан көреміз, қандай үкім шығатынын. Қазір мен сіздерге ештеңе айта алмаймын. Павлодар қалалық №52 арнайы балабақша директоры Тілектес Есенова
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады