Жемқорлардан алынған 100 млрд теңге қарашадан бастап мектеп салуға бөліне бастайды

Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат қараша айынан бастап мектептер салуға бөліне бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Түркістан облысында өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Смайылов мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат енді мектептер мен оларға қосымша құрылыстар салуға бағытталатынын атап өтті.

Бүгінгі таңда республика бойынша 100 млрд теңге туралы сөз болып отыр, — деді премьер-министр.

Ол қаражат бөлу қараша айында басталатынын айтты.

Сонымен қатар Премьер-министр азық-түлік тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін барлық қолда бар нарықтық механизмдерді тиімді пайдалану, облыстың инфрақұрылымы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізу, сондай-ақ "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша өңірдегі оқушы орындарының санын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап көрсетті.

Қазақстан
Шымкент
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Алматы тауларынан қауіпті зат табылды

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Астанада жоғалып кеткен балаларды іздеуге полицейлер, төтеншеліктер және әскери қызметкерлер жұмылдырылды