Үздік ғалымдарға сыйлық беру ережесі өзгерді

Сурет: akorda.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2022 жылғы 2 қарашадағы бұйрығамен "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күннен 20 күнге дейін қысқартылды.

Сондай-ақ құжаттары мемлекеттік құпияларды немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" және "Құпия" деген белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттарды қамтитын үміткерлер оларды мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.

Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау мынадай көрсеткіштерді қамтиды:

Сонымен қатар Бұйрықта сыйлық бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейтіні, соңғы он жылдағы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегерлері бұл конкурсқа қатыспайтыны жазылған.

Үміткерлер комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағымдана алады.

Бұйрық 2022 жылғы 26 қарашада күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Францияда парашютшілер мінген ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді