Алматы іргесінде мектебі жоқ ауылдың тұрғындары 20 мың теңгеге такси жалдауға мәжбүр

Алматы облысындағы Айғаным ауылында мектеп жоқ. 1500-ге жуық бала таксимен қатынап, көрші елдімекендердің мектептерінде шашырай оқиды. Өйткені, автобус жоқ. Ал баласын сабаққа шығарып салған ата-аналар күн сайын жанын шүберекке түйіп, зәр-иман, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бала көп. Мектеп жоқ. Алматы облысындағы Қайнар ауылдық округінің тұрғындары балаларын өзге аудан мектептеріне тасымалдап оқытуға мәжбүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, билік өкілдерінің мектеп саламыз дегеніне 7 жылдан астам уақыт өткен, алайда онысы қарашаны алдаусырату мен сөзбұйдаға салынып келеді, деп хабарлайды astana.tv.

Осы жерде, міне, мектептің орны деп анықталған жер, 2 де 2 гектар жер екен. 10 жыл бұрын актісі алынған, содан бері әлі мектеп салынатындай бұл арада нышан байқалмайды. Балалар көрші ауылға таксимен барады. Бірақ оның құны қымбат. Айғаным ауылының тұрғыны Ерлік Әбдірахман


3 немерем бар мектепке баратын. Әр үйден 5 баладан шығады дейді. Солардың бәрі таксимен қатынайды. Такси әр балаға айына 20 000 теңгеден алады. Ата-анаға да обал, балаға да обал.Айғаным ауылының тұрғыны Күләйша Әлжанова

Тұрғындардың бармаған жері, қақпаған есігі жоқ. Күні кеше облыстық әкімдіктің табалдырығын кешке дейін күзетіпті. Ал әкімдік бұл мәселе келер жылы қолға алынады деп, тағы да шығарып салған. Сөзін еш жерге өткізе алмаған қалың қауым қатты назалы.

Округ тарапынан, аудан тарапынан білім басқармасына сұраныстар берілген, қосымша автобусты қарастыру. Енді үшінші тоқсанға жоспарда тұр. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында қамтамасыз ету жоспарда тұр. Қайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрбол Есенбаев

Келер жылы сондай-ақ, ауылдық округте үш мектептің құрылысы басталмақ. Қазір оған қажетті қаражат есептеліп, мердігер компания анықталып жатыр.

Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: