Кәсіптік оқу орнында грантта оқитын студенттердің жол жүруіне төленетін өтемақы қағидасы бекітілді

Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында қысқы және жазғы каникул кезеңінде білім алушыларға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидаларға сәйкес, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында студенттерге қысқы және жазғы каникул кезеңінде өтемақы төлеу қалааралық теміржол және автомобиль көлігімен жүруі үшін қарастырылған. Бұл тізімге такси кірмейді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттердің мына санатына жол жүру ақысы төленеді:

Жол жүру ақысы республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. Жол ақысы жыл сайын каникулдың соңында бір айда студенттердің карта-шотына аударылады.

Қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігімен жол жүргенін растайтын құжаттар (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жүру үшін жол жүру билеті) болған жағдайда жол жүру ақысы төленеді.

Ережелер 2022 жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады